USD
USD
USD

Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?

  Қазгидромет бүгінге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.Тек батысында, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында желдің күшейіп, оңтүстік-батысында және оңтүстік шығыстың таулы аудандарында тұман түседі. Түнде Қостанай облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, оңтүстік-батысында жылдамдығы 25 м/с жетеді. Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің күшеюі сақталады - 15-20 м/с. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Алматы облысының Алакөл көлдері аудандарында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді. Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен орталығында, Маңғыстау облысында тұман түседі, күндіз Атырау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік батысында жел тұрады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік батысында желдің күші 15-20 м/с болады.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары