USD
USD
USD

Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның батысында, орталығында және шығысында фронттардың ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады. Осыған байланысты жаңбыр жауады. Елдің орталығында және шығысында аздаған жауын-шашын жауады. Республиканың қалған аумағында жаңбыр жаумайды, күн ашық болады. Елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және шығысында жел күшейеді. Оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысында тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 18-23 м/с дейін күшейеді. Түнде Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында және батысында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында және батысында, Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-шығысында жел мен шаңды дауылдың күші 15-20 м/с шамасында болады. Түнде Атырау облысының оңтүстігінде және орталығында, күндіз басым бөлігінде жел екпіні - 15-22 м/с. Батыс Қазақстан облысының шығысында, күндіз оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстік-шығысында, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысында тұман күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстігінде және батысында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. Түнде Алматы, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да 11 елді мекенге сел қаупі төніп тұрғаны хабарланды

Сел

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

.

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Ердоған, Тоқаев

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

ауа сапасы