USD
USD
USD

Бүгін белгілі актер Құман Тастанбековтың туған күні

Бүгін театр және кино актеры, ҚазКСР-ің халық артисі Құман Тастанбеков 75 жасқа толар еді.

Бүгін белгілі актер Құман Тастанбековтың туған күні
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Құман Тастанбеков 1945 жылы 10 наурызда Алматы облысы Сарқант ауданы, Екіаша ауылында дүниеге келді.  Өмірін өнерге арнаған сахна майталманы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 30 жылдан аса спектакльдерде көптеген рөлдерді сәтті сомдады.

 «Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген батырды ойнаған алғашқы рөлі танылуына себеп болды. Фильм экранға шыққан соң, араға бір жыл салып Құман Тастанбеков басты рөлді ойнаған Меруерт Өтекешовамен шаңырақ көтерді.

«Қыз Жібектен» кейін Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова екеуі «Менің ағам» фильміне түседі. Құман – Қазақстанның алғашқы комсомолы Ғани Мұратбаевты сомдаса, Мереуерт Өтекешова – оның жары Раушанның рөлінде ойнайды. Олардың балаларымен бірге түскен тағы бір «отбасылық» кинокартина – «Орнамент». Құман Тастанбеков төбе көрсеткен кез келген фильм қазақ киносының алтын қорына айналды. Қазақ халқының өнер иесіне деген құрмет, қошеметі қашанда ерек.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy