USD
USD
USD

Бүгін ауа райы құбылады

«Қазгидромет» мамандары 18 маусым күні ауа райы қандай болатынын айтты. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.

Бүгін ауа райы құбылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстік және шығыста дауыл тұрады. Солтүстікте тұман түседі. Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерде дауылды жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с. Бұршақ жаууы мүмкін, Түнде кей жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші - 15-20, екпіні - 25 м/с болады, Дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Алматы, Павлодар, Қарағанды, түнде Түркістан, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар облысында, күндіз Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жел екпіні - 15-20 м/с. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Шаңды дауыл тұрады. Атырау, Маңғыстау облыстарында аптап ыстық сақталады. Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова