USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай болады?

 Қазгидромет 16 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР аумағының басым бөлігіне бұрынғысынша атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыста, оңтүстік–шығыста қатты жаңбыр жауады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жел 15-20, облыстың шығысында екпіні 25 м/с күшейеді. Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында бұршақ, дауыл, солтүстік-шығысында, облыстың таулы аудандарында – 15-20 м/с жел тұрады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман, күндіз солтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының таулы аудандарында дауыл күтіледі, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады. Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз орталығында бұршақ, солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде тұман, күндіз солтүстік-шығысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Атырау облысының шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда ​​облысында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен шығысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.  

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси