USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай болады?

  «Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 3-і күнгі күн райы болжамын жариялады. 

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 3 мамырда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, елдің таулы аудандарында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай ойнап, жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, күндіз таулы аудандарда бұршақ жауады. Түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с жылдамдықпен есіп, екпіні 25 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, облыстың батысында – желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Ақтөбе облысының шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанай облысының шығысында тұман түседі, облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнайды, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич