USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай болады?

  Қазгидромет 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атмосфералық фронттардың салдарынан шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады. Алматы облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Ал республиканың қалған бөлігі антициклонның ықпалында болады. Бұл жауын-шашынсыз ауа райы мен ауа температурасының көтерілуіне ықпал етеді. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде найзағай жарқылдап, дауыл күтіледі. Алматы облысының Алакөл көлдерінде желдің жылдамдығы 20-25, екпіні 30 м/с және одан да көп болады деп күтілуде.

Түркістан облысының таулы аудандарында күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының таулы аудандарында күн күркірейді, таңертең және күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстік-шығысында тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы 15 м/с жетеді, Ақмола облысының солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының шығысында желдің күші 15-20 м / с жетеді. Атырау облысының шығысында 15-20 м / с жел күшейеді, түнде Қарағанды облысының батысы мен шығысында тұман түседі.

Қазір оқып жатыр

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы