USD
USD
USD

Бүгінгі ауа райы: найзағай соғып, бұршақ жауады

  «Қазгидромет» мамандары 21 сәуір, бейсенбі күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Бүгінгі ауа райы: найзағай соғып, бұршақ жауады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді. Салдарынан жаңбыр жауады, оңтүстіктің таулы аудандарында және солтүстікте қатты жауын-шашын жауады. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте тұман түсіп, оңтүстікте найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с, солтүстік-батысында, шығысында тұман түседі. Қарағанды облысында жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел қарқыны 25 м/с жетеді.

Алматы облысының таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл соғады. Найзағай кезінде желдің күші - 17-22 м/с. Алакөл аумағында жел 25 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде жел екпіні - 15-20 м/с. Павлодар облысының оңтүстігінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшті жел тұрады. Қостанай облысының солтүстік жартысында тұман түседі, күндіз солтүстікте, шығыста жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында желдің күші - 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.