USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай болады?

  «Қазгидромет» синоптиктері сейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Осыған байланысты жаңбыр мен қар жауады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты желмен бірге қатты жауын-шашын жауады. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, солтүстік жартысында бұрқасын соғады. Ақмола облысының солтүстік- батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, батыста, оңтүстік-батыста екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан асады. Күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде бұрқасын көтеріледі. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел 17-22 м/с, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с асады.

Таңертең және күндіз таулы аудандарда найзағай жарқылдайды. Жамбыл блысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел - 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Облыстың шығысы мен орталығында желдің күші 30 м/с асады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында - тұман, жолдарда көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, түнде жел облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз батыста, оңтүстік-шығыста 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде төмен бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың оңтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні - 23-28 м/с. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде төмен бұрқасын күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі түнде батыста, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м / с жетеді., кейде 30 м / с және одан аса күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында түнде көктайғақ болады, желдің күшеюі облыстың оңтүстігінде түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні - 23-28 м/с. Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жел қарқыны - 15-20 м/с. Күндіз облыс орталығында шаңды дауыл тұрады. Атырау облысында жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстік-батыста жел күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с. Түнде солтүстік-шығыста көктайғақ, бұрқасын болады. Күндіз Алматы облысының батысы мен шығысында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау