USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай болады?

 Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 24 наурызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. 

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Циклон жырасы бұрынғысынша ҚР солтүстік өңірлеріне ықпал ететін болады, сондай – ақ фронтальды бөліктердің өтуімен елдің солтүстігінде, шығысында жауын шашын, солтүстігінде, шығысында қар түрінде, ал оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді. Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста бұрқасын күтіледі. Ақмола облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м / с, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Павлодар облысында түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында екпіні 25 м / с, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с , күндіз екпіні 23 м/с бұрқасынмен, күндіз көктайғақ болады.

Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі, жолдарда көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында солтүстікте жаяу бұрқасын, облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман, облыстың солтүстігінде және шығысында жел екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі, облыстың түнде орталығында, күндіз солтүстік-шығысында жел күшейеді екпіні 18 м/с жетеді. Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың оңтүстігінде және шығысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының күндіз батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жел күшейеді. Атырау облысының батысында, шығысында және Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов