USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай болады?

  Қазгидромет 16 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Республиканың солтүстік жартысында негізінен қар түрінде, оңтүстік жартысында негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, қар жауады. ҚР бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Республиканың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, күндіз найзағай күтіледі, батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с дейін жетеді. Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с, Қостанай облысының шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, күндіз солтүстігінде – жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың орталығында және оңтүстігінде көктайғақ болады. Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман болжанады. Шығыс Қазақстан облысында жолдарда көктайғақ, түнде солтүстікте, шығысында тұман түседі. Маңғыстау облысында көктайғақ, тұман болуы ықтимал.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов