USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай болады?

  Қазгидромет 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның барлық аумағы антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың қиыр батысында циклон шұңқыры жаңбыр мен көктайғақ құбылыстары бар қар түрінде жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі. Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Түркістан, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының батысында тұман болады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық