Бүгін ауа райы қандай болады?
4 ақпан күні ҚР территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Алматы, NEGE. Еліміздің батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктер әсерінен солтүстікте қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанады. Республика бойынша жекелеген аймақтарда тұман және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін елордада және 8 қалада ауа сапасы нашарлайды 7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Бүгін астанада және 11 қалада ауа сапасы нашарлайды 3 ақпан күнгі ауа райы болжамы Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с артады.
Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман болжанады. Күндіз облыстың солтүстік–шығысында, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының батысына, Маңғыстау облысының солтүстік-батысына тұман түседі. Аталған өңірлердің шығысында, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с артады. Қостанай облысының солтүстігінде, түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Аталған өңірлердің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Ақтөбе облысының Мұғалжар стансасында желдің күші 15-20 м/с артады. Күндіз Қарағанды облысының батысында желдің екпіні 18 м/с күшейеді. Ақмола облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, түнде шығысында тұман күтіледі.