USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай болады?

 3 ақпан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал батыс, солтүстік-батыс, шығыс өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман болжанады. Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында, Атырау облысының батысында және солтүстігі мен орталығында, Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында, түнде Павлодар облысының оңтүстік-шығысында және шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. 15-20 м/с күшпен жел тұрады, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, солтүстік-шығысында 17-22 м/с жел тұрады. Жамбыл облысының солтүстік-батысында және таулы аудандарында көктайғақ, солтүстігінде таулы және тау бөктерлі аумақтарында тұман, солтүстік-шығысында 15-20 м/с жел күтіледі.

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым