USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай болады?

ҚР территориясының басым бөлігіне антициклон жотасы әсерін тигізетін болады. Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен көбінесе қар түріндегі жауын-шашын жауады, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі. Жамбыл облысының солтүстігі, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда облысының орталығында таңертең және күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, солтүстігі мен таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында көктайғақ, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстарының батысы мен солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті