USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Республиканың тек батысы мен солтүстігінде фронталды бөліктердің ықпалынан – қар, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр және қар түрінде) болады. Ел бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, батыста – көктайғақ, солтүстікте – жаяу бұрқасын болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

 Атырау облысының батысы, шығысы мен орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай облысының батысы мен орталығында жаяу бұрқасын, солтүстігінде тұман болажанады. Түркістан облысының оңтүстігі мен батысында, сондай-ақ таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының оңтүстігі мен солтүстігінде тұман күтіледі. Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-25 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-23 м/с күшейеді. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болжанады.

Күндіз оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батысы мен орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодар облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады.

Қазір оқып жатыр

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат