USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 29 желтоқсанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР солтүстік жартысында Солтүстік-Батыс циклон шұңқырының өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, жаяу бұрқасынмен жел күшейеді. Тек Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі. Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Алматы облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, Алакөл көлдері ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының батысында жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде – жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыста, облыстың орталығында тұман болады. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады, облыстың орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түркістан, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан