Бүгін ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК-сы 30 қазанның күн райы болжамын жариялады.
Алматы, NEGE. Кәсіпорынның болжамына қарағанда, фронталды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде күн райы тұрақсыз болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, елдің шығыс және оңтүстік аймақтары ғана жоғары қысым ықпалында болады, сондықтан күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың басым бөлігінде тұман, солтүстігінде бұрқасын, солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыс бөлігінің таулы аудандарында жел күшейеді, солтүстік-шығыста көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысында, түнде шығысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, батыста екпіні 25 м/с жел күшейіп, түнде оңтүстікте, шығыста, күндіз солтүстікте, батыста көктайғақ, бұрқасын болады.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ болып, түнде солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Таңертең және күндіз өңірдің батысында тұман түседі. Жамбыл облысының таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, түнде тұман түседі. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, орталығында, солтүстік-батысында тұман түседі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең Алматы, Түркістан облыстарының таулы аудандарында тұман, Алматы облысының тауларында көктайғақ күтіледі.
Қазір оқып жатыр
«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді
2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды
АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды
Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ