USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай болады?

 «Қазгидромет» РМК-сы қазанның 29-ы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Болжамға қарағанда, фронталды бөліктердің әсеріне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығыс және оңтүстіктің таулы аудандарында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады, тек еліміздің орталығында жоғары қысымға байланысты күн жауын-шашынсыз болады. Елдің оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында – тұман, солтүстігінде – көктайғақ, жаяу бұрқасын, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында – жел күшеюі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз 25 м/с болады. Күндіз Қазақстанның солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Ақмола облысының шығысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с болады, күндіз облыстың солтүстігінде – көктайғақ күтіледі. Павлодар облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, таңертең және күндіз – тұман түсуі ықтимал.

Жамбыл облысының таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде және таңертең тұман түседі. Түркістан облысының таулы аудандарында да тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-батысында тұман болады. Қарағанды облысының орталығында және шығысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік аумағында тұман күтіледі.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.