USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай болады?

 Синоптиктер 11 қазан, дүйсенбі күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Антициклон әлі де республиканың батыс жартысына ықпал ете береді, сондықтан мұнда жауын-шашын жаумайды. Қазақстанның шығыс аумағында циклон және оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғып, тұман түседі, солтүстігінде  көктайғақ болады. Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, о ңтүстік-батысында жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысының шығыс жартысында тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының таулы аймақтарында және тау бөктерінде тұман түседі. Түнде облыстың батысында, күндіз - шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел қарқыны - 15-20 м/с. Шаңды дауыл тұрады. Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысында тұман болады. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында және Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон