USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялайды.

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Республиканың басым бөлігінде фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын болады, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауады. Республиканың тек батысына және оңтүстік-батысына солтүстік антициклон әсерін тигізеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай болады. Жамбыл облысының батысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с жел күшейеді, таңертең және күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарда найзағай бақыланады.

Ақмола облысының солтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі, оңтүстік – батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының шығысында және оңтүстігінде көктайғақ, түнде және таңертең шығысында тұман күтіледі. Күндіз Алматы облысының шығысында және таулы аудандарында, Түркістан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.

Қазір оқып жатыр

ДСМ жүргізген тексеруден кейін 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды

оңалту орталығы

Ташкентте Қарағандыдан барған 15 жас футболшы астан уланды деген күдікпен ауруханаға түсті

Ташкентте ауруханаға түскен жасөспірім

Жұманғарин Алматыдан бизнестің жаппай көшу қаупін жоққа шығарды

салық

«Жалынып, жылауға дейін бардым»: Ақтауда дәрігерге тап берген ер адам өз шындығын айтты

Шанжархан