Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай болады?

Кейбір өңірлерде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірнеше аймақта дабылды ескерту жарияланды. Дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз. Солтүстік, шығыс пен орталықта найзағай ойнап, жаңбыр болады. Солтүстік шығыста қатты дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

26 шілдеде Алматы облысында аптап ыстық - плюс 35-39 градус. Кей жерлерде өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында солтүстіктен жел соғады, жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Ақтөбе облысында өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысында – шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 

Қызылорда облысында солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады. Жылдамдығы – 15-20 м/с. 

Павлодар облысында найзағай, бұршақ, дауыл. 

Солтүстік Қазақстан облысында да желдің екпіні – 15-20 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысында күн күркірейді.

Түркістан облысында шаңды дауыл. 40-43 градус ыстық болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада өткінші жаңбыр жауады. Күндіз 24-26 градус, түнде 13-15 градус. 

Алматыда күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз плюс 36-38 градус, түнде – 22-26 градус.

Шымкентте күндіз 38-40 градус, түнде – плюс 22-24 градус.

Қазір оқып жатыр

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі

Иорданиялық бақылаушы: Қазақстанның сайлауды ұйымдастыру тәжірибесі шынайы қызығушылық тудырады

Бушра Абу Шухут