USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК мамандары 29 қыркүйек күні Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Республиканың солтүстік, шығыс және орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады. Қазақстан аумағының қалған бөлігінде күн ашық болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-23 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады. Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Қашағанның активтеріне салынған шектеудің бір бөлігі алынды

Қашаған

Қазақстандықтардың ағылшын тілін білу деңгейі «өте төмен» деп бағаланды

Студент қыз

Павлодарда Аграрлық несие корпорациясы филиалының басшысы 25 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Пара алу

Шахмұрат Мүтәліп «Алтыналмастың» ірі акционерлерінің қатарына қосылды

Шахмұрат Мүтәліпов