USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, бүгін ел аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн ашық, тек батыста және оңтүстікте атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Шығыста түнде кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, Жамбыл, Түркістан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылға ұласады.

Қарағанды, Қызылорда, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады, Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Атырау облысында күндіз аптап ыстық күтіледі.

Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Қарағанды, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Құлыбаев

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Бензин, дизель

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

кілт

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Лазер