USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай?

Қазгидромет кәсіпорны бүгінге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Бүгін ауа райы қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарашаның 6-сы күні Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсер етіп жатқандықтан, күн әлі де болса жауын-шашынсыз болады. Тек, еліміздің солтүстігі, батысы және оңтүстік-батысында циклон жырасының әсерінен кей жерлерде жауын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, солтүстігінде көктайғақ болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз жел секудына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түсіп, Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Ақмола, түнде Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі.

Алматы облысының күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының батысында тұман түседі.

Қазір оқып жатыр

Блогер Ерболат Жанабылов жұбайымен жанжалдан кейін әкімшілік жауапқа тартылды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль