USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қандай?

Қазгидромет 12 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады. Бүгін ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады.

Бүгін ауа райы қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты жексенбіде республиканың басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады, тек шығыста күн ашық болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте және орталықта найзағай жарқылдауы мүмкін.

Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің күші 15-20 м/с.

Атырау облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде - тұман, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. 

Қазір оқып жатыр

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu