USD
USD
USD

Бүгін ауа райы қалай құбылады?

Жұма күні Қазақстанның оңтүстігі мен батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Бүгін ауа райы қалай құбылады?
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фроталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, күн күркірейді, еліміздің оңтүстігі мен батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстігінде кей жерлерде тұман түседі», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +17+19, түнде +9+11.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +28+30, түнде +15+17.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +32+34, түнде +14+16.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз өткінші жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +22+27, түнде +7+12.
Ақмола облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады, тұман, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +16+21, түнде +6+11.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25, түнде +8+13.
Атырау облысында күндіз жауын-шашынсыз, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз +27+32, түнде +14+19.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз +27+32, түнде +13+18.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, найзағай, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +16+21, түнде +6+11.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +12+17.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +13+18.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +20+25, түнде +7+12.
Қостанай облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ, кей жерлерде тұман, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20, түнде +7+12.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +18+23, түнде +4+9.
Алматы облысында күндіз жаңбыр жауады, найзағай, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +12+17.
Маңғыстау облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз. Күндіз +28+33, түнде +19+24.
Павлодар облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +8+13.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумағында өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай