USD
USD
USD

Бүгін ауа райы ашық болады

Бүгін республиканың басым аумағында ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Бүгін ауа райы ашық болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еліміздің тек оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай, дауыл күтіледі. Барлық өңірде жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Атап айтқанда, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күндіз желдің екпіні 25 м/с артады. Өңірдің солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында күндіз дауыл күтіледі. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында желдің күші 23-28 м/с артады. Ақмола облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Қарағанды облысының оңтүстігінде күндіз желдің екпіні 25 м/с артады. Қостанай облысының солтүстік-батысында желдің күші 23 м/с жетеді. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. 

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити