USD
USD
USD

Бүгін Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді

Бүгін Алматы қаласында кәсіпқой бокстан үлкен кеш өтеді. Андеркартта 9 жұп кездессе, басты айқас Қамшыбек Қоңқабаев пен Иса Акбербаев арасында болады.

Бүгін Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Иса Акбербаев бұған дейін 11 рет титулдық жекпе-жек өткізді. Оның ішінде төрт мәрте сан алуан титулға ие болды. Дегенмен, соңғы жекпе-жегінде ресейлік Евгений Тищенкоға жол берді. Ол алтыншы раундта жарысты жалғастырудан бас тартқан еді. Бұл, қазақстандық спортшының кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі болды. Ал Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы тұсаукесер кездесуін өткізеді. Айта кетелік, ол жанкүйерлерге әуесқой бокста Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны ретінде белгілі. Екі-екі мәртеден әлем және Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ, бүгін шаршы алаңда кездесетін жұптар: Рай Сейітжанов (2-0, 0 КО) — Талғат Бертілеуов (0-1) Нұрдос Төлебай (2-0, 1 КО) — Нұржан Мақашбаев (0-0-2) Берікбай Нұрымбетов (5-0, 1 КО) — Талғат Шәйкен (дебют) Сағадат Рахманқұлов (6-1, 4 КО) — Тұрсынбай Кұлахмет (дебют) Нұртас Әжбенов (9-0, 4 КО) — Шовкат Халилов (Өзбекстан, 7-2, 1 КО) Әли Балоев (9-0, 7 КО) — Юрий Быховцов (Беларусь, 10-19-3, 5 КО) Абай Төлеш (5-0, 3 КО) — Сапарбай Айдаров (4-0, 2 КО) Арман Рысбек (7-0, 6 КО) — Хусан Юлдашев (Өзбекстан, 7-11-1, 4 КО) Виктор Коточигов (11-0, 4 КО) — Андрей Исаев (Беларусь, 30-17, 9 КО). Бокс кеші елорда уақытымен 19.00-де басталады. Жарыс «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.