USD
USD
USD

Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Жексенбіде Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 13 ақпан, жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы қаласында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қазір оқып жатыр

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама

Тоқаев ШЫҰ Су мәселесін талдау орталығын құруды ұсынды

су қауіпсіздігі

Қазақстанда тамыз айында инфляция 10% деңгейінен түсті

Инфляция