USD
USD
USD

Бүгін әлем халқының саны 8 миллиард адамға жетті

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 15 қарашадағы мәлімет бойынша әлем халқының саны сегіз миллиард адамға жеткенін хабарлады. Ақпарат ұйымның сайтында жарияланған.

Бүгін әлем халқының саны 8 миллиард адамға жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көрсеткішті Азиядағы демографиялық өсім көтерген. Сонымен қатар, Африкадағы халық санына тағы 400 миллионға жуық адам қосылды. Халық саны артқан елдердің кқшін Үндістан бастап тұр. Үндістан халық санына 177 миллион адамды қосқан. Қытайға 73 миллион адам қосылған, болашақта олардың саны азамақ. Үшінші орында – Нигерия.

Әлем халқының санының артуына Еуропаның үлесі тым аз екені көрсетілген. 

2037 жылға қарай жер бетіндегі тоғыз миллиард адам, 2058 жылы он миллиард адам болады деген болжам бар. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем халқының ең жоғары шегі 2080-2100 жылдар аралығында шамамен 10,4 млрд-қа жетеді деп отыр. 

Бұған дейін The Wall Street Journal журналисі ғалымдардың болжамдарына сілтеме жасай отырып, әлем халқының саны 10 миллиард адамға жетпеуі де мүмкін екенін атап өткен болатын.

Олардың деректері бойынша, 2070 жылдары әлем халқы шамамен 9,6 миллиард адамға жеткеннен кейін, керісінше бұл көрсеткіш төмендеуі мүмкін. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар