USD
USD
USD

Бүгін – қайырымдылық күні

Қазақстанда 9 қазан күні «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған Қайырымдылық күні мерекесі өткізілуде. 
Бүгін – қайырымдылық күні
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. Мереке тұжырымдамасына сай еліміздің әр өңірінде оффлайн немесе онлайн форматта «ізгілік кеңестері» бар стенд орналастырылған, кез келген адам ондағы карточканы алып, көрсетілген қайырымды істі жасап, ол жөнінде әлеуметтік желілерде Марафонның ресми парақшасын белгілеп және тэгтей отырып бөлісе алады.
 
Акцияны Алматы, Атырау, Қостанай, Павлодар және Ақтөбе облыстарында оффлайн режимде қолдады.
 
Талдықорған қаласындағы «Атамекен» СҮ-де «Қайырымдылық жүрегі» инсталляциясын орнатты. Бүгінде инсталляциядан 120-дан астам «ізгілік кеңестері» орындалды, ал жаңа карточкалар қажеттілікке байланысты пайда болады.
 
Облыс әкімдігі өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта «Қайырымдылық жүрегін» адамдар көп шоғырланатын түрлі жерлерге көшіру жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон