USD
USD
USD

Бүгін – Халықаралық кітап сыйлау күні

Ақпанның 14-і – халықаралық кітап сыйлау күні. Атаулы датаны БҰҰ 2012 жылы бекіткен еді.

Бүгін – Халықаралық кітап сыйлау күні
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мақсат – кітап оқуды насихаттай отырып, балаларды әдебиетке баулу. Жалпы кітап оқу мәдениеті қазіргі қоғамда сақталған ба? Аға буын, орта буын және жас толқынның әдеби шығармаларды оқудағы айырмашылық бар ма?

Америка кітапханашыларына арналған Journal Library сауда баспасы екі мыңнан астам адам арасында сауалнама жүргізген. Оған үш буын өкілдері қатысты. Олар 2000 жылдан бері қарай туған жас буын немесе Z ұрпағы, 1984 пен 2000 жыл аралығында туған орта буын – Y ұрпағы, және 1965 пен 1980 жылдары туған аға буын, яғни X ұрпағы. Сауалнамаға сәйкес, үнемі жақсы шығармаларды іздеп, кітапты ең көп оқитын да аға буын өкілдері екен. Одан кейінгі орында Y ұрпағы, яғни миллениалдар тұр. Мектеп не университетте оқитын жас буынның әдеби кітап оқуға мұршасы жоқ сыңайлы. Сауалнамаға қатысқандардың 28%-і осылай деп жауап берген. Бос уақытын кітап оқуға аз арнайтындар да Z ұрпағынан. Орта және аға буын өкілдері қайткен күнде бұған жеке уақыт бөлуге тырысады.
 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес