USD
USD
USD

Бүгін – әйелдер күні

Бүгін Қазақстанда «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аталып өтеді.

Бүгін – әйелдер күні
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биылғы мереке алғаш рет коронавирусқа қарсы карантин шектеулерімен тұспа-тұс келіп отыр.

Атаулы күннің тарихы әйелдер құқығы үшін күреспен тікелей байланысты. 1857 жылы 8 наурызда Нью-Йоркте жұмысшы әйелдер манифестке жиналды. Олар 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі құрғақ жұмыс орындарын, ер адамдармен бірдей жалақы мөлшерін талап еткен еді. Әйелдер сол кездері 16 сағат тер төккен еңбектеріне өте аз жалақы алатын.

Ал 1910 жылы Копенгагендегі социалист әйелдердің халықаралық конференциясында герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері Клара Цеткиннің ұсынысымен наурыздың 8-ін Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту шешімі қабылданды. 1914 жылдан кейін бірнеше елде 8 наурыз әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды.

Бұл күн – әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1975 жылды Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, сол жылғы наурыздың 8-інен бастап Әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күнін өткізе бастады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер