USD
USD
USD

Бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер белгілі болды

Республикалық бюджет бойынша 40 млрд теңге игерілмей қалды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,7%-ке, республикалық бюджет шығыстары – 99,6%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша шығыстар 12 трлн теңгені құрады. Мұнда 50 млрд теңге жұмсалмады, оның ішінде 10 млрд теңге үнемделген және 40 млрд теңге игерілмей қалған», - деді Қаржы министрі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, игерілмеудің анағұрлым ірі сомалары төтенше жағдайлар, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, денсаулық сақтау, ішкі істер және қаржы министрліктерінде байқалған. Игерілмеудің негізгі себептері: төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген, шот-фактуралар, орындалған жұмыс актілері уақытылы ұсынылмаған, қазынашылық органдарына төлем шоттары кеш ұсынылған және конкурстық рәсімдер ұзақ өткізілген.

«Жергілікті бюджеттердің шығыстары 6,7 трлн теңгені құрады, онда 134 млрд теңгеге атқарылмаған. Биыл өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. 1 қарашаға оларға 1 трлн 813 млрд теңге бөлінген. Оның 96,6%-і игерілді. 62 млрд теңге атқарылмады, оның ішінде 6 млрд теңге үнемделіп, 56 млрд теңгесі игерілмей қалған. Ең көп игерілмеу Алматы қаласында, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарында тіркелген», - деді Е. Жамаубаев.

Қазір оқып жатыр

Шахматшы Бибісара Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінген

Асаубаева

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева