USD
USD
USD

Бюджет қаржысын жымқырған: Мәдени орталықтың басшысы сотталды

Бюджеттен 40 млн теңге жымқырды деп айыпталған Паводар қаласындағы «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығының басшысы сотталды.

Бюджет қаржысын жымқырған: Мәдени орталықтың басшысы сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов Antikor ақпарат алаңында мәлім етті.

«21 қыркүйекте Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығының басшысы Аяпбергенова 7 жылға бас бостандығынан айырылды» деді агенттік тергеушісі.

Осы үкіммен «Шаңырақ» орталығының кассирі Әбішаева да 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылыпты. «Аталған тұлғалар әртістердің қызметтер көрсетуі туралы көрінеу жалған шарттар жасау арқылы 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде 40 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенген. Аяпбергенова өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды, Әбішаева материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен 10 жыл мерзімге айналысу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков

Ақтауда соқырішекпен түскен баланы дер кезінде қарамады деп айыпталған хирург өз уәжін жеткізді

Қанат Исмаил

Павлодарлық кәсіпкер Икрам Нұрмашовтың қазасы: полиция не дейді?

Икрам Нұрмашов