USD
USD
USD

Бюджет қаражатын жымқырған басшы ұсталды

«Қазақстан темір жолы» ҰК Павлодар облыстық сигнализация және байланыс бөлімінің бастығы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Бюджет қаражатын жымқырған басшы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Агенттіктің Павлодар облыстық департаменті қызметкерлері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Павлодар облыстық сигнализация және байланыс бөлімшесінің бастығы С.Түсіповтің қызметтік уәкілдігін асыра пайдаланғанын және бюджет ақшасын жымқыру фактісін анықтады», – делінген хабарламада.

С.И.Түсіпов С.М. Иманбек және Т.М.Сәрсембиновпен бірге 2016 – 2021 жылдар аралығында қызметтік уәкілдігін асыра пайдаланып, қызметкерлерден жүйелі негізде ақшалай қаражат жинап отырған. Сондай-ақ сотталушы автоматты телефон стансасын жөндеуге шарт жасасып, оны орындамаған.

С.И.Түсіпов атқарылған жұмыс актісіне қол қойғаны үшін ақшалай сыйақы алған. Павлодар қалалық соты азамат С.И.Түсіпов, С.М. Иманбек және Т.М.Сәрсембиновті кінәлі деп танып, тиісті жазаға тартты.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити