USD
USD
USD

«Бұдан да жаман болады!» – Дональд Трамп Израильдің шабуылынан кейін Иранға сес көрсетті

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды ядролық келісімге келуге шақырып, егер Тегеран АҚШ-пен мәміледен бас тартса, оның салдары «әлдеқайда ауыр болатынын» ескертті.

Т
Фото: Nathan Howard / Reuters

Алматы, NEGE. Бұл туралы АҚШ президенті Truth Social желісінде хабарлады.

«Мен Иранға келісімге келу үшін қайта-қайта мүмкіндік бердім. Оларға барынша: «Жай ғана солай істеңіздер» деп айттым, бірақ қанша тырысса да, олар мұны орындай алмады», — деп жазды ол.

Трамп Израильдің қолында «қауіпті қару-жарақ» бар екенін және олардың саны әлі де артатынын айтты. АҚШ президенті бұл қырғынды тоқтатуға әлі де уақыт бар екенін атап өтіп, алдағы жоспарланған шабуылдарды «бұдан да жаман болады» деп сипаттады.

«Иран келісімге келуі керек және бір кездері Иран империясы атанған мемлекетті құтқаруы тиіс. Енді өлім де, қирау да болмасын, тым кеш болып кетпей тұрғанда  солай жасаңыздар», – деді АҚШ президенті.

Вашингтон Тегеранның жауап соққысын күтіп отыр, ал АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) жоғары дайындық режиміне көшкен. Трамптың айтуынша, егер Иран қарсы әрекетке барса, АҚШ өзін де, Израильді де қорғайтын болады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс