2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Енді легионерлерге мемлекеттен қаржы бөлінбейді

Мәжіліс қабылдаған дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заңға Қазақстан азаматтығы жоқ спортшыларды бюджет қаражаты есебінен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу туралы өзгеріс енгізілді.

Легионер
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Осыған орай енді мемлекет легионерлерге қаржы бөлмейді. Бұл норма Президенттің мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану туралы тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленді.

Бұл ретте дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер ақылы қызмет көрсетуге және олардан түсетін кірісті бюджет заңнамасына сәйкес пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Спорт мекемелері іс-шараларды (спорттық жарыстар, семинарлар, кеңестер мен конференциялар) ұйымдастыру және өткізу мақсатымен халықты арнайы спорттық жабдықтармен, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектілерімен қамтамасыз ету бойынша қызметтер, спорттық медицина саласындағы қызметтер арқылы табыс таба алады.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті