USD
USD
USD

Бубликтің қарсыласы анықталды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бубликтің Монреаль (Канада) мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды.

Бубликтің қарсыласы анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 37-орында тұрған америкалық Дженсон Бруксбимен шеберлік байқасады. Хард төсенішіндегі мастерс жарысы 7-14 тамыз аралығында өтеді.

Алғашқы сегіз теннисші болып тіркелген ойыншылар доданы екінші айналымнан бастайды. Әлемнің бірінші ракеткасы, Монреаль турнирінің өткен жылғы чемпионы Даниил Медведев екінші айналымда аустралиялық Ник Кирьос немесе аргентиналық Себастьян Баэстің қай жеңгенімен кездеседі.

Сондай-ақ 7-14 тамыз аралығында өтетін Торонто WTA 1000 (Канада) додасында өнер көрсететін тағы бір қазақстандық, әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцеваның да қарсыласы белгілі болды. Ол алғашқы айналымда рейтингте 296-сатыдағы канадалық Кэтрин Себовті сынап көреді.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар