USD
USD
USD

Бублик үздіктер қатарына қосылды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) дүйсенбі күні жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өз спорттық жолында алғаш рет үздік 40 теннисшінің қатарына кірді.

Бублик үздіктер қатарына қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші 44-тен 40-орынға көтерілді. Оның бұған дейінгі үздік көрсеткіші 42-саты болатын.

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин 105-тен 103-ке жоғарыласа, Дмитрий Попко 180-нен бірден 193-сатыға сырғып кетті.

Әлемдік рейтингте сербиялық Новак Джокович көш бастаса, ресейлік Даниил Медведев испаниялық Рафаэль Надальды үшінші орынға ығыстырды.

А.Бублик Рим мастерс турнирінде табысты ойнаса, өз көрсеткішін жақсарта алады. Ол бүгін алғашқы айналымда хорватиялық Марин Чиличпен ойнайды.

Әйелдер арасындағы осы жарыста Юлия Путинцева америкалық Кори Гауффпен, Ярослава Шведова италиялық Мартина Тревизанмен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.