USD
USD
USD

Бублик үшінші айналымға өте алмады

 Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Барселона ATP 500 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады. 

Бублик үшінші айналымға өте алмады
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Осы жарыстың 16-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші доданы екінші айналымнан бастады.

Дүниежүзілік рейтингте 73-орында тұрған финляндиялық Эмил Руусувуори осал теннисші еместігін бірден байқатты.

Эмил бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ол 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланса, Бубликте ондай мүмкіндік болған жоқ. Қарсыластар екі-екіден эйс жасады.

Фин теннисшісі жүлде қоры 2,6 млн еуродан асатын доданың үшінші айналымында әлемнің 7-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудпен шеберлік байқасады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City

«Балаңыз қатты дуаланған»: полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

алаяқтық

Қазақстан бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады

Халықаралық планетаны көгалдандыру күні

Porsche көлігімен сағатына 197 шақырым жылдамдықпен жүрген астаналық 10 тәулікке қамалды

жылдамдықты асыру