USD
USD
USD

Бублик ширек финалға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің ширек финалына шықты.

Бублик ширек финалға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 27-ракеткасы, ресейлік Аслан Карацевпен күш сынасты.

Бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте А.Бублик үш бірей брейк-пойнтын пайдалана алмады. Дегенмен сетболда мұндай мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ – 6:4.

Екінші сетте әуелі А.Карацевтің брейк жасайтын мүмкіндіктері болғанымен, оған Бублик жол берген жоқ.

Есесіне есеп 2:1 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай алды.

Сосын өз геймін алып, есепті 4:1-ге жеткізді. Ақыры матчты эйспен бітірді – 6:3.

А.Бублик 1 сағат 15 минутқа созылған матч барысында 14 эйс жасады.

А.Бублик биыл осымен екінші рет мастерс турнирінің ширек финалына шығып отыр.

Бұдан бұрын Майамиде де осындай табысқа қол жеткізген еді. Қазақстандық теннисші жүлде қоры 2,6 млн еуродан асатын айтулы жарыстың жартылай

финалына шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципас немесе рейтингте 22-сатыдағы норвегиялық Каспер Руудтың біреуімен таласады.

Қазір оқып жатыр

Харри Кейн алғаш рет «Алтын доп» иегері атанды

Харри Кейн

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»