USD
USD
USD

Бублик пен Голубев қарсыластарынан есе жіберді

Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында алғашқы кездесуін өткізді. 

Бублик пен Голубев қарсыластарынан есе жіберді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жарыстың алғашқы сатысында оларға Франциядан келген Жереми Шарди мен Гаэль Монфис қарсылас атанды.

Алғашқы сетте қазақстандықтар 7:6 есебімен жеңді. Ал екінші сетте дәл осы есеппен қарсыластар басым түсті.

Ал кімнің жеңімпазы екендігі тай-брейк әдісі арқылы шешілді. Шешуші үшінші сетте франциялық теннисшілер ширақ қимыл көрсетті. Нәтижесінде олар 10:7 есебімен басым түсті.

Енді Жереми Шарди мен Гаэль Монфис екінші айналымда Германиядан келген Яна-Леннарда Штруфф мен Александр Зверевпен шеберлік байқасады.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors