USD
USD
USD

Бублик тұңғыш рет төртінші айналымға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің төртінші айналымына шықты.  

Александр Бублик
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші үшінші кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 200-орында тұрған 21 жастағы португалиялық Энрике Рошамен өткізді.

Осыған дейін А.Бублик әлемнің 9-ракеткасы, аустралиялық Алекс де Минаурды ұтып, Франция ашық чемпионатында алғаш рет үшінші айналымға өткен еді. Ал «Үлкен дулыға» турнирінде бірінші рет өнер көрсетіп жатқан Э.Роша екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, чехиялық Якуб Меншикті 2:6, 1:6, 6:4, 6:3, 6:3 есебімен жеңіп, айды аспанға шығарған еді.

Бұл жолы бірінші партияны Бублик брейкпен бітірді – 7:5.

Екінші сетте Александр 5:0 есебімен алға кетті. Содан кейін аса қинала қойған жоқ — 6:1.
А.Бублик үшінші партияны да брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 3:0.

Бір сағат 41 минутқа созылған бәсеке барысында Бублик 9 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Роша да эйс санын 9-ға жеткізе алды.

Осылайша, топырақ төсенішіндегі кортта ойнауды онша құп көрмейтін А.Бублик биыл сәтті өнер көрсетіп, өз спорттық жолында алғаш рет Ролан Гаррос турнирінің төртінші айналымына жолдама алды.

Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, ұлыбританиялық Джек Дрейпермен таласады. Ол рейтингіде 65-сатыдағы 18 жастағы португалиялық Жоао Фонсеканы ұтты – 6:2, 6:4, 6:2.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.