USD
USD
USD

БТР техникасын кім сатпақ болды?

Ақтөбе полициясы БТР техникасын сатпақ болған адамды анықтады. Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр. 

БТР техникасын кім сатпақ болды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ақтөбе облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өрлеу ауылындағы карьердің аумағында қандай да бір белгілері мен құжаттары жоқ «БТР-60» техникасын тапты. Техниканың карьер инженеріне тиесілі екендігі анықталды. Ер адам оны шамамен 2000 жылдары белгісіз біреуден сатып алғанын және қажет болмаған соң қайта сатпақ болғанын айтты. Нақтыласам, бұл - атуға арналған әскери техника емес, жай қаңқасы ғана. Ресейден алған», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір Қылмыстық кодекстің 386-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, тіркелді.

«БТР» Ақтөбе қаласындағы коммуналдық автотұраққа қойылды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе