USD
USD
USD

Бішкек жылу электр станциясындағы апат: Қырғызстан премьер-министрі Алматыдан шұғыл ұшып кетті

Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров Алматыда өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысуы тиіс болған. Алайда Бішкектегі жылу электр станциясындағы апатқа байланысты Алматыдан шұғыл ұшып кетті. 

Бішкек ЖЭС
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Апат түнгі сағат 3-те болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жылыту қазандықтарының бірі жарылған. Жарылыс себебі анықталуда. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ақылбек Жапаров энергетика саласындағы жағдай бойынша жедел штаб отырысын өткізді. 

Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 5 адам жарақат алып, ауыр күйікпен ауруханаға жеткізілді.

Апаттан кейін Қырғызстан астанасындағы көптеген тұрғын үйлерде жылу мен ыстық су жоқ. Бішкектегі мектептер мен балабақшалар онлайн оқытуға көшті.

Қазір оқып жатыр

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай

Құрылтай депутаттары волонтерлікті дамытуды парламенттік деңгейде қолдауды ұсынды

Құрылтаф делегациясы