USD
USD
USD

Сағынтаев жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысын бастауға пәрмен берді

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 280 орынға жоспарланған, провизорлық госпитальдың құрылысы басталған алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты.

Сағынтаев жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысын бастауға пәрмен берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын.

Тез салынатын блокты құрылыс жабдықтарымен тұрғызылатын нысан 280 орынға арналған, оның ішінде 28-і интенсивті терапия бөлімшесіне тиесілі болады.

Мұндай блокты құрылыс жабдықтары аталған госпитальды осынау сын сағатта аз уақыт ішінде салып бітіруге мүмкіндік береді.

Госпиталь коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған және қатерлі індетті жұқтыруы мүмкін деген күдікпен есепке алынған адамдарға арналған.

«Мұндай госпитальдар бізге індет жұқтырған жандарды дер шағында анықтауға, оларды дереу оқшаулап, уақытылы әрі жүйелі ем-дом қабылдауына мүміндік береді. Сөйтіп біз қатерлі инфекцияның белең алуына жол бермей, қаладағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстап тұратын боламыз", – деді Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев.

Аталған нысанның жоспарымен және сызбаларымен танысқан Б.Сағынтаев бүгінде орнын тегістеу жұмыстары басталып кеткен жаңа госпитальдің құрылыс алаңын мұқият қарап шықты.

Сондай-ақ, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.Әбілдаевқа осы жобаны қолға алған компания өкілдерімен бірлесіп госпитальға аса қажетті құрал-жабдықтар мәселесін де пысықтауды тапсырды.

Мердігер компания өкілдеріне қолға алған барлық жұмысты сапалы әрі уақытында бітіруді жүктеді.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Дипфейк