USD
USD
USD

Б.Сағынтаев: Halyk Arena-да 1 мың науқасқа арналған орын ашылады

Бақытжан Сағынтаев COVID-19 індетіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін қосымша және резервтік орындар құрылады дейді. Қала әкімі бүгін өзінің Instagram-дағы парақшасында инфекциялық және провизорлық ауруханаларда қосымша орындар ұйымдастырылып жатқанын жазды.

Б.Сағынтаев: Halyk Arena-да 1 мың науқасқа арналған орын ашылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кешегі президенттің ескертпесінен кейін қала және облыс әкімдері қауіпті індеттің алдын алу мен оған қарсы күресу шаралары үшін атқарылған шаруаларын көрсетіп жатыр. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтавев  бүй дейді:

«Қаладағы жұқпалы және провизорлық стационарлар үшін қосымша ашылуға тиіс орындардың ұйымдастыру барысымен таныстым. Halyk Arena-да 1 мың орынға арналған, соның ішінде реанимациялық 60 орын ашылады. Дайындық барысында санитарлық қауіпсіздіктің ең қатаң талаптары ескерілуде. Таза және лас аймақтарға арналған шлюздер мен туннельдер, желдету және зарарсыздандыру жүйелері орнатылды. Кезең-кезеңімен медициналық жабдықтар орнатылады. Дәрігерлік бригадалар дайындалуда. Жақында арада бұл жер алғашқы пациенттерді қабылдайды», - деп хабарлады Б. Сағынтаев.

Жақында Жарбосынов атындағы урология ҰО-ы базасында 150 орынға арналған инфекциялық стационар ашылатын болады. Бүгінде қоғамдық денсаулық басқармасы орналасқан ОҚК корпусында қосымша орындар ашылады. Сондай-ақ жұқпалы аурулар ауруханасында да қосымша орындар ашылу көзделген. Сондай-ақ №4 перзентхананың жаңа ғимаратын пайдалануға беру тездетіледі. Психоневрологиялық орталықтың құрылысы аяқталуға жақын. Бір айдан кейін бұл жер жұқпалы аурулар стационарына айналады. Осы аралықта басқа да нысандар, соның ішінде қонақ үйлер, санаторийлер мен жатақханалар дайын болады.

«Қабылданған шаралардың арқасында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қажетті орындар резерві құрылатын болады», - деген Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев бүгінде қалада қауіпті індетті жұқтырған науқастарды емдеу үшін 4669 орынға арналған 21 медициналық ұйым жұмыс істейтінін тілге тиек етті.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

Жағажай

Оралда 272 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берген шенеунік қатаң сөгіс алды

Шенеунік

Алматыда Қырғызстан студенттерін онлайн-казиноның ақша айналымына пайдаланған

Күдікті

«Байлығым, барым, әкімім»: Абай облысының әкімдігі Берік Уәлиді мадақтаған әнді өшіруді талап етті

Берік Уәли