USD
USD
USD

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Алматыда «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС басшылығына қатысты тергеу аяқталды. Оларға лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және пара алу фактілері бойынша күдік тағылған.

.
Фото: Бірінші кредиттік бюро

Астана, NEGE. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» – жеке тұлғалардың табыстары туралы деректердің бірыңғай мемлекеттік операторы. Бұл мәліметтер қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалау кезінде кредиттік бюролар мен қаржы ұйымдары үшін аса маңызды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2020 жылы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшысы Дәулет Арғындықов Бірінші кредиттік бюроның бас директоры Руслан Омаровпен заңсыз келісім жасасып, қосымша 5% табыс алуға мүмкіндік берген.

«Егер Мемлекеттік кредиттік бюро көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінен 30% табыс алса, Бірінші кредиттік бюро бұрынғы 30%-дың орнына 35%-ға дейін табыс ала бастаған. Осылайша, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының үлесі 70%-дан 65%-ға дейін төмендеген», – делінген хабарламада.

2025 жылдың басында Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті болып Ақмәди Сарбасов тағайындалғаннан кейін де Бірінші кредиттік бюроның пайдасына көзделген бұл схема сақталған.

Тергеу барысында Бірінші кредиттік бюроға өзге қатысушыларға қарағанда артықшылық беретін схема әшкереленді.

Атап айтқанда, Арғындықов пен Омаровтың келісімімен Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мен Бірінші кредиттік бюро арасындағы ақпарат алмасу арналарына сұраныстарды жедел өңдеуге мүмкіндік беретін арнайы сервис орнатылған.

Ал Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мен Мемлекеттік кредиттік бюро арасындағы жүйеге керісінше, сұраныстарды өңдеуді баяулататын зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету енгізілген.

Осының салдарынан мемлекетке, нақтырақ айтқанда, Еңбек ресурстарын дамыту орталығына 2 млрд теңгеден астам залал келтірілген.

2025 жылғы маусымда Арғындықов пен Омаровтың Сарбасовқа 75 мың АҚШ доллары көлемінде кезекті сыйақы бергені анықталды. Бұл қаражат Бірінші кредиттік бюроның заңсыз табыс табу схемасын сақтап қалу үшін берілген.

Аталған тұлғалар ұсталды.

Сот санкциясымен олардың 1 млрд теңгеден астам сомаға бағаланатын жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне, сондай-ақ бағалы қағаздарына тыйым салынды.

Іс материалдары танысу үшін жолданды.

Қазір оқып жатыр

Балаша сұраққа ересек жауап: Мәжілісте «Қазатомпром» өкілі мен депутат бір-бірін қағытты

тендер

Сауд Арабиясы қажылық қарсаңында қатаң шектеулер енгізді

Қажылық

Алу мен беру. Қазақстанның даму банкі НЕГЕ топырлатып несие беруде?

БРК

Павлодарда Porsche Panamera тізгіндеген шетелдік 500 мың теңге айыппұл арқалаған

Көлік